Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушы экоөнім жасап шығарды

Оқушы экоөнім жасап шығарды

 Kyzylorda-news.kzӘли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Тағыберген Гүлназ Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінен өтіп, конкурстың қорытынды кезеңі 2024 жылдың 26 ақпан-1 наурыз күндері өткізілген сайыста Республикалық кезеңінен 1ші орын иегері атанды.

– Бұл тақырыпты биология пәні мұғалімі Жетекшім Мөлдір Жандосқызының кеңесімен бірге таңдадық. Жалпы қазіргі таңда қыз-келіншектер үй жағдайында косметикалық  өнімдерді жасай бермейді, сондықтан күріш өзекті мәселе болғандықтан, күріш ұнтағынан, қайнатпасынан бірнеше бетке арналған маска, скраб, крем, шашқа спреи, тонер, сыворотка, энзимная пудра, сабын түрлерін жасауды ұйғардым. Күріштің құрамында шаштың, тырнақтың және терінің күйіне оң әсер ететін дәрумендер, аминқышқылдар мен микроэлементтер бар. Бұл экоөнімдердің ерекшелігі ол терінің кез - келген түріне сәйкес келеді. Күріш майы теріні ылғалдандыруға көмектеседі. Күріш қосылған маскалар мен скрабтар майлы теріге арналған тамаша косметикалық шешім болып табылады. Күріш ұнтағы терінің қызметін жақсартуға көмектеседі, тазарту үшін қолданылады. Бет терісін жақсартады, бетті ағартады. Қорытындылай келе, күріштің косметика саласында пайдалы жақтарын білдім. Күріштен жасалатын экоөнімдер барлық адамдардың бет терісіне өте пайдалы, ешқандай химикатсыз жасалатын бұл өнімдерді болашақта арнайы зауыттарда өңдіріп, ел игілігне қолдану керек деп ойлаймын.
04 наурыз 2024 ж. 439 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 194

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 176

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 171

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 181

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930