Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Судья мәртебесі және сот әдебі

Судья мәртебесі және сот әдебі

Судья мәртебесі Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңымен бекітілген. Заңға сәйкес, Қазақстанда сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асыра алады. Сот өкілеттігі ешбір басқа органға берілмейді. Сотқа түскен өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай орган қарауына ала алмайды немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Сот жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сондай-ақ ел Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз. Судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне ешкім араласа алмайды. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сотқа немесе судьяға құрметсіздік көрсеткен тұлға заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Судьяға соттан тыс өзге де функциялар мен мiндеттер жүктелмейді. Судьяны мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген.
Республикамыздағы судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.
Осы негізде 2016 жылы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІІV Съезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделе отырып Судьялар Әдебі кодексі қабылданды.
Осы кодексте судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілеп, олардың адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.
Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және сот отырысына қатысушылардың сот төрелігінің әділдігіне күмән туғызбауы үшін шаралар қолдануы тиіс. Судьялық әдеп кодексімен белгіленген талаптарды қатаң сақтау сот жүйесінің беделін арттырып, халықтың сот органдарына деген сенімін нығайтары анық.

М.Б.ОСПАНОВ,
Қазалы аудандық сотының судьясы 
29 ақпан 2024 ж. 313 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031