Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ сахнасында Әмірені алғаш сомдаған

Қазақ сахнасында Әмірені алғаш сомдаған

Сәті түскен мақаламыздың кейіпкері – ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актёр, әнші, сазгер Құмарбек Қалқатаев. Шығыс Қазақстанда дүниеге келген ол қазақ сахнасында Әмірені алғаш сомдаған талантты тұлға.
Өнер жолын филармонияда 1989 жылы әнші болып бастап, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк училищесін, дәстүрлі ән бөлімін, Жәнібек Кәрменов класын бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Театр және кино институты, профессор Маман Байсеркенов шеберханасында оқыған. Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Әрі сол театрда 25 жылдай қызмет етті. «Шәкәрім» спектаклінде – Шәкәрім, «Әншінің пірі – Әміре» моноспектаклінде – Әмірені және 80-ге жуық рөл сомдаған. Дәстүрлі әншілер конкурсының лауреаты. Композиторлық жолда 30 шақты жазған әндерімен қоса Халықаралық «Жас қанат», «Тюрквижн», ЭКСПО-да жеңімпаз болған әндері бар. Сонымен қатар Қазақстанға танымал әншілердің өлеңдерінің авторы.
– Бүгін өздеріңізбен әңгімелесіп отырғаныма қуаныштымын. Әрине, өнер деген сан қилы. Жылытау өңірінде шыр етіп дүниемен дидарластым. Нағашы әжем сол Шығыста аты көпке танымал, ақын, әнші, композитор Құмарбек Көпенұлына ұқсасын деп есімімді «Құмарбек» қойыпты. Үйде 4 баланың ішіндегі ең кішісі болдым. Мұхтар Әуезов айтқан екен ғой «Өнерге жақын адам мейірімді болып өседі» деп. Сол секілді бала күнімнен, 5 жасымнан бастап домбырада ойнадым. Өнерге жақын өстім. Бойда халық білмейтін өнер көп. Нәски тоқимын деп айтсам өтірік болар (күлді). Жалпы бала күнімнен сурет салғанды жақсы көретінмін. Жазуым да өте әдемі болатын. Тайға таңба басқандай етіп дәптер бетіне түсіруді ұнататынмын. Бірақ соңғы кездері суретке ден қоймай жүрмін. Қазіргі заман ағымы шығар, жұмысбастылықтан арылмай жатамыз. Дегенмен спортқа өте бейіммін. Есік алдында көрші балалармен футбол ойнаймын. Онымен қоса волейбол, үстел теннисін ойнауда қарсыластарымды артқа тастаймын, – дейді ол.
Ағаның айтуынша, өнер адамы эмоцианалды келеді. Өйткені көңіл-күйің болмаса ән де жазылмайды, айтылмайды дейді ол. Сол үшін өзінің, өзгенің көңілін түсірмеуге тырысады екен. ­Бастысы – позитивті жақсы көреді. Владимир Высоцкий «Мен адамның тек жақсы жағын көремін, ал қалған жаман жағын өзі көрсетеді» деген екен. Сол секілді ол да бұл өмірде жақсылыққа құштар. Әдемілікті, сұлулықты көруге құштар. Себебі сұлулықтың бәрі ақынға шабыт береді. Жақсылықты көре білген адам ғана айналасына нұр шаша алады.
– Кезіндегі Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Шәкен Аймановтың өзі әнші де, әртіс, композитор да болған. Сол секілді үш өнерді бірге ұстап жүру оңай емес, әрине. Қайсысы маған жақын деу қиын. Өмірдің сан қилы кезеңдері болады. Кейде театр болған соң қызғаныштың көрінісі орын алады. Бірде Шәмшінің рөлін маған бермеді. Оған мен өкпелемедім. Керісінше соған бөлінер уақыт аралығында ән шығардым. Қандай да бір мәселе болсын жақсылық іздеуге тырысамын. Қай өнер болсын барлығына да сүйіспеншілікпен қараймын. Таланттың барлығы да бойыңнан шығады, еңбекпен келеді. Сол үшін әр өнеріңе жанашырлықпен, ерекше сезіммен қарайсың. Мәселен, әрбір әннің өзіндік шығу тарихы бар. Соның бірі – қазақтың ең алғашқы тракторшы қызы Кәмшат Дөненбаева апамызға арнаған екі әнім. Әлемге әйгілі бір ғұлама ғалымның «Қорқытты қадірлеудің Сыр бойында мыңжылдық өнегесі бар» деп түйіндеуі – жәмиғы қазаққа ортақ берілген асыл баға емес пе? Ал Қорқыттанудың алауын жаққан Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаевтардың ғасырлар қойнауынан ой маржанын терген құнарлы зерттеулері жас ұрпақ үшін ғылыми танымның көкжиегін кеңіткен мұнара. Осынау Қорқыт бабаның кіндік қаны тамған жер, қойнауында жыр мұрасы бар қасиетті Қазалы мекені – көпке танымал. Осындай жердің төл басылымына сұқбат беріп отырғаныма алғысым шексіз, – деп түйіндеді Құмарбек Қалқатаев.
Ол Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі болған. Актёрдың толысуы оның толайым табыстарға жетіп, атақ-даңқтан кенде болмауымен ғана өлшенбейді. Әманда «жеттім, жетілдім» деген тоқмейілсудің соңы тоқырауға әкелетінін жақсы біледі. Бірде Жарқын Шәкәрім деген Әміре Қашаубаевты зерттеген күйші кісі қоңырау шалады. Айтуынша, қазақ театры тарихында Әмірені толық сахналаған, сахнаға шығарған Құмарбек Қалқатаев екен. Яки бірінші болып ойнаған, Әмірені сомдаған жан солай тарихта қалды.

Айнұр ӘЛИ
03 ақпан 2024 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031