Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас суретшілер жарысы

Жас суретшілер жарысы

ҚР Оқу ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, суретші, спортшы, Қуантай Ршымбетовтің туғанына 70 жыл толуына орай «Құдіреті мол қылқалам» тақырыбында кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқшылары арасында сурет сайысы өткізілді.
Сайысты бастамас бұрын саналы ғұмырының үлкен бөлігін шәкірт тәрбиелеуге арнаған, білімділігі мен жауапкершілігі, тындырымдылығы арқасында жаттықтырушы, үйірме жетекшісі, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінен мектеп директорлығы жауапты қызметіне жоғарылаған Қ.Ршымбетовтың өмірдерегінен кітапханашы Эльмира Дәуренбекқызы бір үзік сыр шертті.
Қ.Ршымбетов 1953 жылы 10 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қасқа-құлан ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет, графика факультетін қызыл дипломмен бітірген,1975-2002 жылдары Қазалы вагон депосында слесарь, №18 теміржол мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, В.М.Счастнов атындағы орта мектепте директор, 2002-2003 жылдары аудандық білім бөлімінде алғашқы әскери дайындық жұмыстарын ұйымдастырушы, 2004-2006 жылдары аудандық туризм және спорт комитетінің төрағасы, 2006-2008 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман, 2009-2011жылдары аудандық «Қазалы» газетінің жауапты хатшысы, 2009 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық оқушылар үйінде сызу, сурет үйірмесінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
КСРО азаматтық қорғанысының үздігі, Түркістан әскери округінің алғыс хатымен, жоғары дәрежелі әскери спортшы белгісімен марапатталып, шығыс жекпе-жегі каратэ және таеквондодан қара белбеу иегері және спорттың бірнеше түрінен разрядтық дәрежелер алған.
Шара аясында «Абырой биігінен аласармаған» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, суретшінің туған жерге деген сүйіспеншіліктен туған төл туындыларынан бейнеролик көрсетілді. Сайысқа Ы.Алтынсарин атындағы №204, С.Сейфулин атындағы №165 және №276 орта мектеп оқушылары қатысып, таланттарын таныта білді.
Нәтижесінде бас жүлде №165 мектеп оқушысы Жанбота Нұрболатқызы жеңіп алды. №204 мектеп оқушылары Айнара Нағымет бірінші, Сақтапберген Айнамкөз екінші, № 276 мектептен қатысқан Гүлбану Ашыққали және №165 мектеп шәкірті Жақсы Сраж үшінші орын иеленді. Гүлсезім Ямшит, Нұржанат Абдулла, Аружан Қазбек, Медет Тілегенов сайысқа қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Шәкірттерді шығармашылыққа баулыған жетекшілері Сәнімкүл Айжігітова, Ұлдана Ақбай, Латифа Абдраманова, Сайагүл Нұрғазиеваға алғысымыз шексіз.
Гүлназ ӨТЕП
25 желтоқсан 2023 ж. 251 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930