Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіптің көзін тапқан келіншек

Кәсіптің көзін тапқан келіншек

Қазақ танымында "Өнер туа бітеді" деген тәмсіл бар. Бірақ дәл осы сөзді мен теріске шығарғым келіп тұр. Себебі өнер адамға табиғат берген болмыспен бірге емес, кейін келе де даритынына куә болдым. Менің бүгінгі мақалама арқау болған қолөнер шебері – Айнұр Сүлеймен соның анық дәлелі. Бүгінде қазалылық кәсіпкер қыз-келіншектердің көшіне қосылып, тігін тігіп жүрген Айнұр Самыратқызының дәл осы кәсіпті серік етуінің сырын сұраған едік.
– Жалпы менің бұл кәсіпке келуім өте қызық. Бұған дейін мүлдем басқа салада қызмет еттім. 2011-2018 жылдар аралығында "Халық" банкінде аға кассир болып жұмыс істедім. Кейін отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан уақытша қол үздім. Одан соң, басқа бір банк бөлімшесіне жұмысқа орналастым. Ол жақта 2 жылға жуық жұмыс істедім. Сөйтіп декреттік демалысқа шықтым. Бұл кез карантин уақыты болатын. Демалыс уақытында үйде бос отырмау керек деп ойланып жүргенмін. Түсімде "тігінді қолға ал" деп аян берілді. Мұны жай аян деп қабылдамадым, өйткені тігін қолымнан келетін сияқты болып көрінді де тұрды. Сөйтіп өзімнің үйімде тұрған "Зәуре" деген әжемнің тігін машинасын арнайылап, 30 мың теңгеге сатып алдым. Бұрын-соңды аяқ машинасына отырып көрмеген маған оны қалай басу керектігін, онда қалай іс тігу керектігін жолдасым Ғани көрсетіп, үйретті. Сөйтіп әлсін-әлсін қол үйрете жүріп, тігін тігуді толық игеріп алдым. Оны үйреніп алған соң, мұны неге кәсіп қылмасқа деген ой келді. Содан жодасымның атына жеке кәсіпкерлікті ашып, 80 мың теңге салыммен кәсібімді бастап кеттім, – дейді ол.
Бүгінде Айнұрдың жолдасымен бірлесе ашқан отбасылық кәсібі үлкен дизайн орталығына айналған. Оған "Ясина" деген атау беріліпті. Онда дастарқан, перде, төсек жабдықтары сынды дүниелер тігіледі. Дизайн орталығы болған соң, ойыма "Неге киімдер емес?" деген сұрақ сап ете қалды. Бұл сауалыма Айнұр:
– Әйел адамның сән-салтанатын келтіретін тек киім деп ойламаймын. "Әйелдің бір көркі – дастарқан" деген даналық бар қазақта. Тігін тігу десе, тек киім тігу керек екен деген түсінік болмау керек, меніңше. Тұрмысқа қажетті дүниелер де болу керек деп есептеймін. Алғаш "Не тігіп бастаймын?" дегенде ойыма келгені осы дастарқан болды. Киім-кешек, төсек-жабдық деген дүниелер онсыз да көп қой. Өзімше бір өзгешелік болсын дедім, – дейді Айнұр.
Бастапқыда тігінді дастарқанмен бастаған ол кейін перде тігуге де аян берілгендігін айтып, мені тағы бір таңғалдырды. Айтуынша, түсінде ұзын шеті жоқ матаны тігіп отырғанын көрген. Сөйтіп, бұл жолы да сол түсіндегі дүниеге қырын қарамай, перде тігуді де қолға алуды жөн көріпті. Бүгінде оған түсетін тапсырыстың дені осы дастарқан мен перде. Қазір тұрақты тұтынушыларын тауып үлгерген. Ауыл, аудан көлемінде ғана емес, республика аумағы бойынша да тапсырыстарды қабылдайтынын естігенде біраз таңдандым. "Сонда мұның бәріне қалай үлегересіз?" деппін сасқанымнан. "Көмекшілерім бар. Солар көмектеседі. Алдағы уақытта кәсібімді одан ары кеңейтіп, қосымша адам алуды көздеп жүрмін, – дейді ол.
Айнұрдың сондай үлкен талғаммен жасалған дүниелеріне таңдай қақпай тұра алмайсың. Әрбір жұмысына қарап, таң-тамаша боласың. Байқағаным, әр жасаған бұйымында үлкен тиянақтылық бар. Тігістері жатық, тіпті кемшілік табу қиын. Тұтынушыларының талғамынан шығып жүргендігі де сұранысқа сай сапалы қызметті ұсына білгендігінен болса керек. Бір жағы бұл оның табанды талпынысының жемісі. Мұнымен ешкім таласа алмайды. Өйткені "Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін..." – демей ме, Ақтамберді жырау. Бір сәтте "Тәуекел етіп, қолдағы қаржымен кішкентай ісін бастап, бүгінде оны үлкен кәсіпке айналдыра білген келіншектің бұл табандылығына қанша мақтау айтсаң да жарасады. Бірақ ол мұнымызды құп көремді. Керісінше, "бұл жетістіктің бәрі тынымсыз еңбектің арқасында" дегеннен танбады.
А.ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
26 желтоқсан 2023 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930