Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 700 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Жыл басынан бері 700 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Биыл 1 қарашаға дейін 714 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. 
Фото: Pixabay.com
Оның ішінде 284 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, түрлі мемлекеттік жобалар аясында еңбекке тартылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Ведомствоның мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 161,7 мың адам жұмысқа ораналасқан, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13,1 мың адам, жастар практикасында 25,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 98,7 мың адам, "Күміс жас" жобасы аясында 17,9 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 6,2 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 289 адам жұмыспен қамтылды.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 8 968 грант берілді.
– Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 51,4 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды, – делінген хабарламада.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 48,4 мың адам қамтылды, оның ішінде 27 мың адам оқуды аяқтады.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 8 901 адам жіберілді, оның ішінде 4 673 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 2 256 адам жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 331,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қарашада 714 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 170,7 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос жұмыс орындарына 175,7 мың адам; Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы шеңберінде – 333,6 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 34 мың адам жұмыспен қамтылды.
13 қараша 2025 ж. 209 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031