Желтоқсанда қанша күн демалыс бар?
Желтоқсанда қанша күн демалыс бар?
Фото: depositphotos.comБиыл желтоқсанда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 9 күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?
Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі. 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі.
Ал 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді.
Қазақстандықтар 2026 жылғы қаңтарда қалай демалады?
Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
1 және 2 қаңтар - Жаңа жылға арналған мереке күндері;
3 және 4 қаңтар - демалыс;
5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
7 қаңтар (сәрсенбі) - Рождество - демалыс күні.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері;
1 және 2 қаңтар - мереке күндері;
3 қаңтар (сенбі) - жұмыс күні;
4 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
5 және 6 қаңтар - жұмыс күндері;
7 қаңтар - демалыс күні (Рождество).









