Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыраулар үйі ашылады

Жыраулар үйі ашылады

Биыл Сыр өңірінің мәдениет және өнер саласында жағымды жаңалық жетерлік. Таяу күндері кәсіби өнер ұжымдарының концерттері мен іс-шаралар өткізуге арнап салынған Өнер орталығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясында айтты.

«1000 орындық Өнер орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Орталықта кәсіби концерттік ұжымдардың дайындығына, іс-шараларын өткізуіне толық жағдай жасалған. Бұл ғимаратқа 50 жылдық тарихы бар облыстық филармония орналасады. Теміржол вокзалының аумағындағы қазіргі филармония ғимаратының концерттік залын биыл өздеріңіздің қолдауларыңызбен құрылған Жастар театрына беру жөнінде шешім қабылдадық», – деді аймақ басшысы.

Жыраулық өнердің алтын арқауы үзілмеген Сыр елінің өнерсүйер қауымы үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Келесі жылы өңірде Жыраулар үйі ашылады. Қуантарлығы, бұл игі бастама артық шығынды қажет етпейді.

«Мәдениет қайраткерлерімен кездесуде сүлейлер елінде облыстық Жыраулар үйін ашу мәселесі жиі көтеріледі. Мәдениет және спорт басқармасына Жастар театры жанындағы қосымша ғимаратты Жыраулар үйі етіп ашуды тапсырамын. Ол үшін арнайы мекеме құрып, артық қаржы шығындаудың қажеті жоқ. Қолымыздағы бар мүмкіндіктермен филармонияның филиалы ретінде ұйымдастыру керек», – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, жуырда елордада Астана қаласының 25 жылдығына орай Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Астаналықтар екі күн бойы Жастар театрында Н.Бекежанов атындағы қазақ драма театрының сахнагерлері ұсынған «Жәмилә», «Нарком Жүргенов» спектаклін тамашалады. Ал, 9 желтоқсан күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Сұлу Сырдан – Ару Астанаға» атты гала концерт өтіп, астаналықтарға, елордада тұратын жерлестерімізге елдің шығармашылық сәлемі тарту етілді. Көрермен Сыр өнерпаздарының шығармашылығына ерекше қошемет көрсетті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2023 ж. 370 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031