Қаржы – халық қазынасы
Мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Сондықтан болар, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Қазалы ауданының қаржы саласының тарихы 1920 жылдан бастау алады.
Сонымен қатар, тарихы өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы Еңбекшілер депутаттарының Қазалы аудандық Совет атқару комитетінің құрамындағы жоспарлау қызметі халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау, қабылданған жоспар мен есептің орындалу шараларына жауапкершілікті арттыру, жоспардың орындалуына талдау жасап қорытындылау, жоспардың орындалуына бақылау жасап тексеру жұмыстарымен айналысу жұмыстарында 1951-1956 жылдары аудандық жоспарлау комиссиясына Қ.Қожаназаров, 1960-1962 жылдары Н.Алимов, 1962-1966 жылдары Б.Сағымбаев, Ө.Рысмаханов сынды басшылар төрағалық жасады. 1991 жылы аудандық жоспарлау комиссиясы Қазалы аудандық әкімшілігінің аудандық экономика және жоспарлау комитеті болып қайта құрылып, К.Ахметов, Н.Төлемісов тағайындалған. 1998 жылы Қазалы ауданы әкімі аппаратының жанынан экономика бөлімі құрылып, Ж.Жалғасбай, 2005 жылы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне функцияларды атқарып келген мамандарымен ауыстырылып, бөлім қайта құрылды. Бөлім меңгерушісі болып Б.Жарылқап, Қ.Аймағамбетов, Г.Нармағамбетова, А.Аманов сынды бөлім басшылары бюджеттің ұлғаюына басшылық жасады.
2023 жылы құрылымдық өзгерістерге байланысты мекеме атауы өзгеріп «Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылып, бөлім басшысы болып тағайындалдым.
Қаржы жүйесіне жүргізілген реформалар негізінде әр кезеңдерде қазынашылық банк, қаржылық бақылау, ал 1992 жылдан бастап қаржы бөлімінің штаты есебінен аудандық мемлекеттік салық инспекциясы, 2005 жылы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бөлініп шығып, қазіргі таңда қаржы саласының негізгі діңгегіне айналып отыр. Жалпы, мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді.
Бұл салада көп жылғы еңбектерімен, қаржы жүйесін қалыптастырудағы К.Байсалбаева, К.Құдабаева, С.Қайыпназаров, З.Тасмағамбетова, Б.Нысанғалиева, К.Смағұлов, К.Көпжасаров, А.Әлнияз, Г.Есекеева, Б.Мырзамұратова Ж.Елеуов, Қ.Рысбаев, Н.Мамышев, М.Шорабаев сынды сала ардагерлерінің еңбектерін ізбасарлары әрқашан да құрмет тұтады. Мемлекеттің дамуын қалыптастыруда аудандағы қаржыгерлер ұжымы да өз салалары бойынша аянбай еңбек етіп, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Биылғы мерейлі мерекеге аудандық қаржы жүйесі қомақты табыспен жетіп отыр. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыруда аудан бюджеті жыл басында 11,5 млрд теңге болса, қазіргі уақытта аудан қазынасының қаржысы 2,5 млрд. теңгеге ұлғайған. Сонымен қатар ауданымызда қаржы-несиелік қолдау шаралары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 295 жоба 3,7 млрд. теңгеге несиелендірілді.
Ал, жалпы көлемі 187,6 млн. теңге болатын жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 136 адам жеңіп алып, жаңа кәсіп түрлерін ашып бюджеттің кірістер көлемін ұлғайтып, қазынасын толықтыруға өз үлестерін қосуда. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Қаржы саласы қызметкерлерінің еселі еңбектері мен білім, біліктіліктерінің арқасында экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.
Бүгінгі таңда аудандық экономика және қаржы бөлімінде құрылымдық өзгерістерге сәйкес үш сектор жұмыс жасайды. Атап айтсақ, фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторы негізінен аудан бюджетін жоспарлау, қаржылық жоспарлардың құрастырылуына және оған берілген есептердің дұрыстығына талдау жасау функциясын атқарады. Экономикалық саясатты дамыту секторының негізгі жұмысы ауданның даму бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру. Бюджеттің атқарылуы және коммуналдық меншікті басқару секторының негізгі жұмысы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру және аудан бюджетін мониторингтеу.
Бөлімде бөлім басшысының орынбасары К.Бакенова, сектор меңгерушілері Н.Аймағамбет, Ғ.Бисенов, Р.Сартаева, бас мамандар А.Досанова, Ж.Алпысбаева, А.Бердібаева, әдіскерлер А.Алмуратова, А.Нұрғали, Т.Жетілген, Ж.Тақсырбай, А.Көптілеу, Ә.Нұрлан, Н.Шалқымаев, М.Қалиева, Ж.Төлеген, статист А.Отаралиева, іс жүргізуші Г.Шынбергенова және автокөлік жүргізуші Ф.Жалғас өздеріне жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен атқаруда.
Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ, жұмыстарыңыздың келешекте де ел экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін. Сіздерді бүгінгі мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер. Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы, ғасырдан-ғасырға жетер ғұмырлы болсын.
Ә.ӘБИЕВ,
Қазалы аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы