Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс – жемісті нәтиже

Жүйелі жұмыс – жемісті нәтиже


Салық – елді өркендетудің маңызды бөлшегі. Салық түсімдерінің есебінен мемлекет қазынасы толығып, бюджет жоспарланады. Бұл саланың ел экономикасының дамуына қосар үлсі зор. Ал мамандарының еңбегі ұшан-теңіз. Халық қазынасын молайтуда еселі еңбек етіп отырған ұжым – Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының тарихы әріден бастау алады.
Кеңес Одағы тұсында 1988 жылы жергілікті қаржы басқармалары мен бөлімдерінің құрамында 3 адамнан кем емес салық инспекциясын құру жайлы КСРО Қаржы министрлігінің бұйрығы шығып, бас салық-ревизоры деген лауазым енгізілген. Одан бері 1991 жылдың 9 шілдесінде Қазақ КСР Президентінің №380 Жарлығымен дербес мемлекеттік салық қызметі құрылды. Міне осы кезеңнен бастап Қазалы аудандық салық инспекциясының қызметі басталды. Сол жылдары аудандық салық инспекциясының басшысы болып Б.Ақжігіт тағайындалды. 2014 жылдың 14 тамызында Үкімет Қаулысымен Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті бірігіп, Мемлекеттік кірістер органдары болып қайта құрылады. Алғаш құрылған уақытта басқарманың штаттық саны 14 адам болса, кейін маман саны 36-ға дейін жетті. Қазіргі таңда 12 қызметкер жұмыс істейді.
Егемендік алып дербес салық органдары құрылған жылдары ауданымызда заңды тұлғалар (мекемелер) саны 255-ті, ал кәсіпкерлер саны 171-ді құраған. Ал, 2000 жылдардың басында ауданымызда 290-ға жуық мекеме, 900-ге жуық жеке кәсіпкерлер болса, қазіргі таңға 572 заңды тұлға, 6463 жеке кәсіпкерлерді құрап, заңды тұлғалардың 2 есеге, ал кәсіпкерлердің 6 есеге дейін өскенін көруге болады.
Ақша ауысып, теңге тұрақтанып ел экономикасында өсім кезеңі басталған 2000 жылдары бюджет көлемі 550 миллион теңгеге жетті. Оның ішінде республикалық бюджет 135, жергілікті 416 миллион теңге болған.
– Бюджеттің түсім көлемі де жыл сайын артып келеді. 2023 жылдың 7 айына жергілікті бюджеттің болжамы 1 269,4 мың теңге болса, түсімі 1 436,1 мың теңгені құрап, болжам 164,7 мың теңгеге артық немесе 113,1%-ға орындалуы қамтамасыз етілді. Ал, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджеттің түсімі 255,6 мың теңгеге артық немесе өсу қарқыны 121,7%-ды құрап отыр. Бұл да қазіргі бюджеттің сол жылдармен салыстырғанда 3-4 есеге өскендігін аңғартады. Ал, 2022 жылы ауданымыздың салық саласындағы тарихи сәт орын алып, алғаш рет 2 миллиардтық көрсеткішке қол жеткізілді. Ағымдағы жылы да сол көрсеткіштен жоғары түсімді қамтамасыз етуге тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді, – дейді Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Темірлан Қожаназаров
Аталған мекемені бірнеше басшы абыроймен басқарды. Мемлекеттік салық инспекциясының құрылу кезеңінен басшы болып тағайындалған Б.Ақжігіт 1991-1997 жылдар аралығында қызмет атқарды. Ал 1997-2007 жылдары Т.Бөріқұлақов, 2007-2012 жылдары С.Бабанаев, 2012-2013 жылдары П.Якия, 2013-2019 жылдары Ф.Қожабергенов басқарма басшысы лауазымын атқарса, 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ұйымшыл Темірлан Нұрланұлы ұжымды ұтымды басқарып отыр.
Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер басқармасында 2 бөлім, 12 қызметкер, 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс жасауда. Бөлім басшылары А.Кайрбаев, Ж.Табынбай, мамандар Н.Ержанов, О.Шамшаева, Д.Салмурзаев, Г.Умирзаков, Е.Канатов, Г.Жаксыбаева, Ж.Жанназар, Б.Керімбай, С.Өтеген, Ж.Аманов, Ә.Темірбай, Б.Бұхарбай барлығы да ауданымыздың қазынасын толықтыруда аянбай еңбек етуде.
Басқармада ұзақ жыл қызмет етіп, бүгінгі күні құрметті зейнет демалысына шыққан Мариям Байсалбаева, Ерғали Адиров, Ұлтуған Әбдібай, Жақсыбике Жұмахмет, Бекбатыр Айдосов, Оңдасын Махамбет сынды ардагер аға-апаларымыз да ұжым өмірінен тыс қалмай, ақыл-кеңестерін беріп келеді.
– Көпшілікке мәлім, соңғы жылдары ауданымызда ашық экономикалық саясаттың дәйекті жүргізілуінің нәтижесінде және бюджет жоспарының артығымен орындалып отыруының арқасында аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар да қолдау тауып келеді. Бұл бірінші кезекте салық органдарының уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жүйелі жұмыстар жасауының нәтижесі, – дейді басқарама басшысы Т.Нұрланұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


15 тамыз 2023 ж. 399 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930