Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс жұмыстары бақылауда

Құрылыс жұмыстары бақылауда

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше нысандарды аралап жұмыс барысын көрді.

Бүгінгі таңда тұрғындардың сұранысы бойынша Әйтеке би кентіндегі В.Счастнов көшесі бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі тиісті сала басшыларымен бірге 5 қабатты тұрғын үйге арнайы барып, шатыр жабу жұмыстарының барысын қадағалады. Сондай-ақ жауапты басшыларға жауын-шашын басталмай тұрып, белгіленген жұмысты сапалы етіп аяқтауды тапсырды.

Мұнан соң Әйтеке би кентінің 6 квартал аймағындағы №276 мектеп жанындағы А.Избакишев көшесін жарықтандыру жұмыстарын да көрді. Аудан басшысы бұл көше оқушылардың сабаққа қатынайтын жолы болғандықтан балалар үшін қауіпсіз болу керектігін айтып, жұмыстарды уақытылы аяқтау керектігін жеткізді.


Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Қазалы қаласындағы жеке кәсіпкер Шыңғыс Романовтың салып жатқан спорт кешеніне барып, құрылыс жұмыстарын көрді. Аудан басшысы спорт кешені тезірек аяқталып, пайдалануға берілсе спортты жанына серік еткен қала жастары үшін үлкен сый болатынын айтып, жеке кәсіпкерге ең әуелі құрылыстың сапасына аса мән беру керектігін айтты. Сонымен қатар қала шетіндегі балалар ойын алаңының да бүгінгі жай-күйіне қанық болды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 қараша 2023 ж. 113 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930