Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігі басты назарда

Бала қауіпсіздігі басты назарда

Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Терезеден құлаған балалар туралы хабарламалар жиі айтылып, жыл сайын олардың саны көбеюде.
 Балалардың терезеден құлау жағдайларын талдау барысында ата-аналар баланы ашық терезенің жанында пәтерде жалғыз қалдырғандықтан, олар жиі болып жатқанын айтады. Көптеген үйлерде заманауи шыны пакеттер пайда болуымен де байланысты. Егер осындай терезе москит торымен жабдықталған болса, онда ол екі есе қауіпті болады. Жиі ата-аналар торды қорғаушы ретінде деп қате санайды. Бірақ балалар торды қорғаныс бөгет ретінде қабылдайды және оған сүйеніп, терезеден онымен бірге түседі.
Ересектердің назарына: Терезенің жанында жиһаз болмауы керек, ол балаға терезенің астына оңай шығуға мүмкіндік береді, және оны бос қалдырмау керек. Бала ешқашан терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалмауы керек. Статистика сүйенсек балаларды қысқа уақытта қараусыз қалдырғанда құлау жағдайларының көбі орын алатынын көрсетеді. Терезеде ойнауға тыйым салып, терезеге дұрыс қарауға үйрету керек. Балалар ата-аналардың мінез-құлқын әрдайым қайталайды.
Сонымен қатар балалардың отпен ойнауы да көбінесе өртке ұшыратады. Жас өспірімдердің отпен ойнауы ата-аналардың балаларына кез келген нәрсемен ойнауына жол беріп, кезекті тиым салмағандықтан туады. Арамызда балаларын үйге кілттеп, сіріңкелерді жасырмай, электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды ток көзінен айырмай кететін адамдарда жоқ емес. Ал мұның бәріне үйде қалған сәбилер назар аударады, осының өзі-ақ өртке ұрындырады. Сол себепті отпен ойнау қандай жағдайға ұшырататыны жөнінде балаларға айтып, түсіндіріп отыру ата-ананың міндеті.
Кішкентай балалардың отпен айналысуына, үйде жалғыз қалдыруға, оларға дүкеннен темекі, сіріңке алдыруға, жанып жатқан пешті, газ плиталарын қарауға жұмсауға тиым салынады.
Қорыта айтарымыз – балаларды сақтау әрбір ата-ананың абыройлы борышы.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
05 наурыз 2021 ж. 5 644 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 45

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031