Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуақ шашқан шаңырақ

Шуақ шашқан шаңырақ

Бүгіндері жетпістің ауылына ат байлаған Нұрлыбек Мұратов пен Шонық Махамбеталиеваны шәкендіктер айрықша құрмет тұтады. Екеуі де қарапайым еңбек адамдары. Нұрлыбек ұзақ жыл тау­арлы қой фермасында жүргізуші болса, Шонық та зейнеткерлікке жеткенінше мал шаруашылығының қат-қабат жұмыстарының бел ортасында болған.
Ынтымағы жарасқан ерлі-зайыптылар отбасында 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі күні ұлдары ұяға, қыздары қияға қонды. Қос зейнеткер ұл-қыздарынан 26 немере, 9 шөбере сүйген ардақты ата, сүйікті әже. Бала-шағаларының қуанышына кенелген олардың бір шаңырақ астында түтін түтеткендеріне биыл 51 жыл толып отыр.
Осыған орай жақында Шәкен ауылдық кітапханасының ұйымдас­тыруымен мерейтой иелерінің құрметіне «Шуақ шашқан шаңырақ» атты кеш өткізілді.
Кеш шымылдығын ауылдық округ әкімі Т.Сермаханов сөз сөйлеп ашып, ізгі тілегін жеткізді. Бұдан кейін ауыл тұрғындары С.Көбесов, Ж.Махамбетжан, Қ.Ома­ров тағы басқалары мінбер төріне шығып, жылы лебіздерін арнады. «Алтын тойлары» аталып өтіп жатқан жандардың ауылдың өсіп-өркендеуіне қосқан лайықты үлестерін атап өтті. Бала тәрбиесіндегі, отбасындағы сыйластықтарын үлгі етті.
Әсерлі кеш үстінде ән мен күйден шашу шашылып, мың бұрала би биленді.
Мерейлі отбасы иелеріне сый-сияпаттар тапсырылды. Кеш кейіп­керлері жиналғандарға шынайы көңілден шыққан алғыстарын жаудырды.
Г.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ
19 маусым 2018 ж. 1 981 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 167

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031