Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал дәрігер қазақстандықтарға менингитті түсінікті тілде түсіндіріп берді

Танымал дәрігер қазақстандықтарға менингитті түсінікті тілде түсіндіріп берді

Украиналық педиатр Евгений Комаровский қазақстандықтарға менингитті түсінікті тілде түсіндіріп берді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жүргізген тікелей эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы бес күнде кемінде 200-300-дей хат келді, менингит туралы, көбі Қазақстаннан, Алматы мен Астанадан қоңырау шалып жатқандар. Адамға менингококк түскенде, 100 пайыз сеніммен ештеңе де болмайтынын айта аламын. Адам оны жұтқыншағында тасып жүре береді. Көпшілік адам менингококктың жылдап тасымалдаушысы бола алады. Бұл аурудың қаупі бала дерт жабысқан күннен бастап бір тәулікке жетпей өліп кетуінде. Бала өз уақытында ауруханаға жеткізілсе де, ең заманауи ауруханада емделсе де, өлім қаупі 10 пайыздан төмен болмайды. Яғни ауру жұқтырғандардың 10 пайызы қайткен күнде де өлім құшады, мұны жақсы көрсеткіш деуге болады, бірақ көп жағдайда асқынған менингококк сепсисі жағдайында 20 пайызы өліп кетеді", - дейді медик. Оның пікірінше, бұл ауру кезінде екпе қабылдау ең тиімді жол емес. "Менингококк инфекциясынан екпе алу - ешқандай да мәселені шешпейді. Бұл уақытша жағдай. Өз балаңызды А және С менингококктан сақтайсыз, бірақ В тобындағы менингококктан сақтай алмайсыз. Елдің бірде-бір тұрғыны менингококктың барлық нұқсасынан екпені таба алмайды. Екпе жоқ. Екпе мәселесін ушықтырмауды ұсынамын, оның орнына алдын алудың дұрыс әрі пайдалы әдістерін қолданыңыз", - дейді Комаровский. Украиналық педиатр аналарға баласын екпеге қарағанда тиімді құтқара алатын кеңестерін айтты.  "Екпемен қатар, әдістер толып жатыр, бастысы - алдын алу. Баланы супермаркеттерге, театрларға апарудың қажеті жоқ, жабық орындарда жиналыс өткізбеңіздер. Мектепте адам көп қатысатын жиналыс өткізгіңіз келсек, оны мектеп ауласында жасаңыз. Міндетті түрде бөлмені желдетіп, ауасын тазартып тұрыңыз.
Есіңізде болсын: менингококк өте көп болған, тыныс алу жолдарының шырышты қабығы құрғаған жағдайда ғана жұтқыншақтан қанға өтеді. Ауру өте жақын байланыс кезінде жұғады, бір метр жерден ары ұшпайды. Ауру жұқтыру үшін құшақтасып, сүйісу керек - сонда ғана жұғады. Ауаны тазартып, желдету - кез келген екпеден пайдалы. Әсіресе балабақшаның жатын бөлмесінде жақсылап желдету керек", - дейді ол. Оның айтуынша, менингококк жабық орындарда болады, көшеде жұқтыру мүмкін емес, сондықтан алдын алу шарасы ретінде балалар таза ауада болғаны жақсы. "Посткеңестік кез келген елдің ережесі бойынша жатын бөлмедегі ауа дымқылдығы 40-60 пайыздай болуы керек. Сол ереже бойынша, балалар күніне төрт сағаттай серуендеуі тиіс. Одан кейін жеке заттар - тек өзінікі болып қалуы керек. Сағыз, кәмпит, сорғысы бар шырын, бетперде, шарф - бұл жеке заттар", - дейді Комаровский. "Аурудың нақты белгілері болса: тамағыңыз ауырса, ыстығыңыз көтерілсе, басыңыз ауырса - адамдармен көп сөйлеспей, үйде отырыңыз. Жөтеліп, түшкірініп жатқан адамдардың аулақ жүріңіз. Мұғалімдер, жөтеліп, түшкірініп жүретін балаларды балабақшаға кіргізбеңіздер. Екі-үш апта өткенде күту керек", - деді ол. Ал екпе, оның айтуынша, көп адаммен байланысқа түспеген бала көп адам жүретін жерге бара жатқанда қажет болады екен. "Мәселен, балаңыз мектепте оқып жүргенде сыныпта 10-15 бала болды делік. Жасы 15-те делік және ол жазда лагерьге баратын болады, сол жақта ол өзі сияқты 500-дей адаммен байланысқа түседі. Мұндай жағдайда екпе алу орынды", - деді ол.
tengrinews.kz
06 маусым 2018 ж. 1 263 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031