Қазалы ауданы тағы да үздіктер қатарында

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тағы бір жылды табысты қорытындылаған аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, облыс бойынша өңделген сүттің 95,4 пайызын, өңделген еттің 53 пайызын өңдегені үшін Қазалы ауданы "Озат аудан" атанды.
Марапатты аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа тапсырды.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбековке Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласының үздігі төсбелгісі табысталды.
Ал, «Сыр маржаны» ЖШС-нің жатка машинисі Омар Сәрсенбай «Озат жаткист», «РЗА-АГРО» ЖШС-нің агрономы Сүлеев Амантай «Озат Агроном» және «Мейірімжан» шаруа қожалығының түйекеші Исмайлов Ғалымжан «Озат түйекеш» номинацияларына ие болды.
"Қазалы"ақпарат