Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" жобасы аясында "ашық есік" күні өтті

"Ауыл аманаты" жобасы аясында "ашық есік" күні өтті

«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие ұсынуда.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында халыққа кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары Қазалы ауданында қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда жоба аясында несие алу үшін құжаттарын тапсырған 56 жобаның 26- сы мақұлданып, 17 жобаның қаражатын аудару жұмыстары жасалуда. Осы орайда әр ай сайын «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудандық партия филиалында ашық есік күні өткізіліп келеді.

Бүгін аталған жоба аясында «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің, аудандық кәсіпкерлік палатасының және партия филиалының өкілдері қатысып, тұрғындарға мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу арқылы табысты арттыру бойынша кеңестер беріп, өз ісін дамытудың жолдары жөнінде жобаның мақсатын кеңінен түсіндіріп, ақпараттар ұсынды.
#AMANAT
19 қазан 2023 ж. 444 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 110

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031