Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты» жобасы аясында кеңестер беріледі

«Ауыл аманаты» жобасы аясында кеңестер беріледі

Аудандық партия филиалында «Ауыл аманаты» жобасының «Ақпараттық қолдау» орталығы жұмысын жалғастыруда. Бұнда мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу арқылы табысты арттыру бойынша кеңестер беріледі.
Бүгін осы мақсатта партия алаңында Ашық есік күні өткізіліп, жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын «Ауыл Аманаты» жобасы аясында тұрғындарға ақпарат берілді.
Партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, туризм бөлімі мен «Атамекен» палатасының өкілдері қатысқан шарада тұрғындар жоба бойынша сауалдарын қойды.
Ал сала самандары жобаға қатысу мен несие берудің негізгі шарттары, қаржыландырудың бағыттары, несие алу алгоритімі бойынша кеңінен ақпарат берді.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» – «AMANAT» партиясы мен Үкіметтің бірлескен жобасы. Оның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

#AMANAT
08 қыркүйек 2023 ж. 342 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031