Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Ақпараттық қолдау» орталығы жұмысын жүйелі жүргізуде

Қазалыда «Ақпараттық қолдау» орталығы жұмысын жүйелі жүргізуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталмыш жобаны бүкіл ел аумағында іске асыру жоспарлануда.
«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие ұсынады.
Осы мақсатта бүгін, аудандық партия филиалында «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша «Ақпараттық қолдау» орталығы өз жұмысын бастап, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында «Ашық есік» күні өткізілді.
Ашық есік күніне Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысып, Қазалы ауданы бойынша пилоттық жобаға таңдап алынған Қарашеңгел, Құмжиек, Ақжона, Аранды, Арықбалық ауылдық округтерінен жобаға қатысуға ниет білдірген ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу арқылы табысты арттыру бойынша кеңестер беріп, өз ісін дамытудың жолдары жөнінде жобаның мақсатын кеңінен түсіндіріп, ақпараттар ұсынды.
«Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына толық ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
27 маусым 2023 ж. 276 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 281

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930