Бала арманым – ұстаз болу
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деп Хәкім Абай атамыз айтып өткендей әлемдегі мамандық атаулының ең бастапқы шыңы - ұстаздық ету. Ұстаз - Шәкірт жүрегіне жылу беретін, жан-жағына нұрын шашатын, білім, тәртіп, тәрбиенің бастаушысы бола білген жан иесі.
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деп Хәкім Абай атамыз айтып өткендей әлемдегі мамандық атаулының ең бастапқы шыңы - ұстаздық ету. Ұстаз - Шәкірт жүрегіне жылу беретін, жан-жағына нұрын шашатын, білім, тәртіп, тәрбиенің бастаушысы бола білген жан иесі.
Ұстаз болу – әр адамның қолынан келеді, ал нағыз бойына қаймағын сіңірген ұстаз болу бұл екінің бірінен қолынан келе бермейтін ең үлкен жауапкершілік. Себебі мұғалімдік төзімділікті, бастысы жауапкершілікті, жан-жақты болуды талап ететін ұлы іс. Бойымызға жақсыны үйреніп, жаманнан жирену керектігін ұғындыратын да мұғалім.
Дегенмен де ең алдымен ұстаз үйдегі – әкеміз бен анамыз . Бұлай айтын себебім, алдымен тәлім-тәрбие, жақсы, игі қасиеттер отбасынан бастау алады. Әрине бұны үйретуші Әке мен Ана. Сол үшін ең алдымен отбасыдағы қағидаларды берік ұстау әке мен анаға байланысты. Отбасында жақсылықты да, жамандықты да, тәртіпті көріп өскен бала болашақта мықты болары сөзсіз. Саған үйдегі ұстаз осы екі жан болса, мектеп табалдырығын аттап, қолыңа әліппені алған сәтіңнен бастап мұғалім сен үшін ең қымбат асыл жан екендігін білгенің абзал . Сол үшінде ұстазға құрмет көрсету сіз бен бізге міндетті. Бұлай дейтініміз, мұғалімдік сонау Ахмет, Ыбырай замандарынан бері төбесін көкке көтеріп келе жатқан құрметке лайықты мамандықтың төресі. Сөзіме дәлел, Ыбырайдың «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген. Мектептің жүрегі болған ұстаздан ғарышкер де, егінші, малшы, ғалым, ақын да бәрі-бәрі мұғалімнен білім, тәрбие алады.
Менің де еңбек жолым – мұғалімдік ісі. Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Бала кезден арманым Ұстаз болу болатын. Дәл қазір сол балалық арманымды орындау үстіндемін. Себебі, ауданымыздағы іргесі мықтылығымен танылған Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінде жас маман ретінде тағылымдамадан өтіп жатырмын. Бұл мен үшін үлкен абырой. Осындай абыройлы, үлкен қара шаңырақ астында жүру, тәжірибе алмасып жұмыс жасау мен үшін мақтаныш. Жаңа орта, оқушылармен байланыс жасау, пікір алмасу, сыйластық орнаған ұжым, барлығы өте керемет. Барлығы да жылы шырай танытып қарсы алды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзімді жан-жақты таныту жолында бұл мүмкіндік мен үшін ең үлкен бастау бола білді. Сол үшін ұжымға алғысым шексіз.
Бұйырса кішкене ғана жүрегімдегі балалық арманымның орындалуына сәл ғана уақыт қалды. Еңбек еткен адам ғана нәтиже шығаратынын есімізден шығармайық.
Ақмарал АСАНҚЫЗЫ