Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат жанашырлары марапатталды

Табиғат жанашырлары марапатталды

Қазан айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда кәсіби мереке - Орман шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі. Осы орайда кәсіби мереке қарсаңында аудандық партия филиалының мәжіліс залында табиғат жанашырларын құттықтау шарасы өткізілді. 

Шараға аудандық филиалдың төрағасы Әліш Ғазиз, аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса, аудандық мәслихат депутаты Мұхаш Ерболат және Қазалы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымы, партияластар қатысты. 

Кездесуді аудандық филиал төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы ашып, табиғат сақшылары атанған орманшылардың елеулі еңбегін атап өтіп, олардың ісіне табандылық пен төзім тіледі. Орманшы болу оңай емес. Қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығына шыдас беріп, әрбір түп талдың бой алып кетуіне, аң құстың амандығына тікелей жауаптылықты алған өз ісінің маманысыздар.Аумақтың табиғатын, орманды сақтап, қорғау үшін әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіремін, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін деп сала мамандарына алғысын білдірді.  

Бұдан соң өзінің тыңғылықты еңбегімен танылған бірқатар партияластарды, сала қызметкерлерін партияның алғыс хаттарымен марапаттады.

Шарада ардагер орманшы Нұрлан Мұстафаев орманшылардың атынан партияға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Шара соңында аудан өнерпаздары мереке иелеріне арнап ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#AMANAT
13 қазан 2023 ж. 231 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 10

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 10

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 13

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30