Аудандық филиал төрағасы қабылдау өткізді
«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса дәл осы ретте қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл мәселеде үлкен рөл атқарады.
Тұрғындармен жиі әрі тұрақты түрде кездесіп, тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштері бойынша тікелей назарына алып жұмыс жасау мақсатында филиал төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы бүгін филиал ғимаратында қабылдау жасап, кент тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі арыз-шағымын айтып, филиал төрағасынан мәселенің оң шешіміне ықпал етуін өтінді.
Атап айтсақ кент тұрғыны К.Кеңесбай жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылынан бұлақ көзін аша отырып, балық шаруашылығын дамытқысы келетінін айтып өтті. Аталған өтініш бойынша филиал төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы тұрғынның өтінішіне сәйкес тиісті сала басшыларымен бірге комиссия құра отырып, өтініштің нақты шешілуіне жұмыс жасайтынын атап, назарына алды.
Келесі тұрғындар өтініші М.Шоқай көшесінің жарықтандыру мәселесі аясында болды. Бұл ретте филиал төрағасы жарықтандыру мәселесінің 2024 жылдың жоспарына енгізілгенін атап өтіп, ҚР заңнамасына сәйкес тиісті түсініктемелер берді.
Партия филиалына үміт арта келген тұрғындардың өтініштері партия филиалы төрағасының бақылауына алынып, нақты жұмыс атқарылатын болады.
#AMANAT