Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау науқанында еңбек еткендерге жалақы қалай төленеді?

Сайлау науқанында еңбек еткендерге жалақы қалай төленеді?

Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.

Мемлекеттік қызметкер болып есептелетін сайлау комиссиясының мүшелері сайлау кезінде негізгі жұмыстан босатылып, оларға жергілікті жер бойынша орташа айлық жалақы белгіленеді. Шамадан тыс жұмыс істегендер мен демалыс күндері еңбек еткендерге сайлауға бөлінген қаражаттан ақы төленеді. Бұл шығындарды есептеген кезде барлық мейрамдар мен демалыс күндерін ескердік. 1 шілдеде өңірлерге бөлінетін қаражатта бұл қарастырылған, - деді ол.
Мұстафина атап өткендей, заң бойынша демалыс күндері 1,5 есе жоғары көрсеткіш бойынша төленеді.

Кезекшілік күндерін ұйымдастырғанда учаскелік сайлау комиссиясының қызметкерлеріне уақыт шегінен артық жұмыс істетуге болмайды. Себебі еңбек ақысы жұмысқа шыққандағы табель бойынша жүзеге асырылады. Бұл талапты барлық жұмыскерлерге алдын ала түсіндіру керек, - деді ол. Осыған дейін Сабила Мұстафина ауыл әкімдерінің сайлауына 4,7 млрд теңге бөлінетінін айтты.
24 маусым 2021 ж. 469 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930