Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебелі мамандық иелері

Мәртебелі мамандық иелері

«Отан отбасынан басталады» деген дана халқымыз ежелден отбасы келешегіне немқұрайлы қарамаған. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген. Ұлын ұлтжанды, қызын қылықты етіп өсіру әр ата-ананың міндеті болуы да сондықтан. Ұстаздық жолын таңдаған, білім беру саласында талай жыл аянбай еңбек етіп, өңіріміздің ғылым мен білімін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүргендер қаншама. Солардың қатарына Омаровтар жанұясын қосуға ­болады.
Киелі әулеттің отанасы – Рахымкүл Орманқызы жастайынан сынып толы балаларға сабақ беруді қалаған. Бұл ойлағанына қол жеткізуі үшін өзі де мектеп қабырғасында мұғалімдердің айтқанын санаға мықтап тоқыған. Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық университетін ойдағыдай тәмамдаған. Студенттік шақпен қош айтысып, ең алғаш еңбек жолын сол жылдары жаңадан ашылған С.Сейфуллин атындағы №165 мектептен бастайды. Аталған мектепте 40 жыл еңбегін сарп етіп, қазіргі таңда зейнеткерлікке шықты.
Рахымкүл Омар қызығы мен қиындығы қатар жүрген ұстаздық жолында оқушылары аудандық, облыстық пән олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, түрлі көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы атанды. Бұл білікті маманның еңбегі мен мейірімінің арқасында жүзеге асты.
– Анамның мінезі ақжарқын, оқушылардың айтуынша, ол сабақ бергенде бар жан-тәнімен беріліп түсіндіруге мән береді екен. Бұл балаға жетік жеткізудің амалы деп білемін. Ал үйде ана болған соң тәрбиеде қатал. Сабақ үлгерімімізді аса қатты қадағалайтын. Соның әсері ме, мен де мұғалімдік жолды таңдадым, – дейді ұлы Ғазиз Омар.
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екендігін жете түсінген Ғазиз Сұлтанбекұлы бүгінде анасының ізімен білім белесін бағындыру үстінде.
– «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп айтқан Мәлік Ғабдуллиннің пайымына қосыламын.
Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана болады. Сол себепті де әл-Фарабиден бастап, ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иеді деп ойлаймын. Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау деп түсінемін, – дейді жас мұғалім.
Ғазиз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша білім алған. С.Сейфуллин атындағы №165 мектепте информатика пәнінің мұғалімі және ұйымдастырушы педагог болып қызмет атқарғанына да бес жылға жуықтапты. Құдай қосқан жары Динара да білім саласында өз үлесін қосуда. Ол Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіннен түлеп ұшқан.
– Осы отбасына келін болып түскеніме ризамын. Оқу орнын бітерген соң 2013 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы №165 мектепте кітапханашы қызметін атқарып келемін. Кітапханашылық қызметті абыроймен атқаруыма анамның ықпалы өте зор болды. Маған көп дүниені үйретіп, оқушылармен қызықты жұмыс жасауыма ұйытқы бола білді.
Қазіргі күні жолдасым екеуміз жас жеткіншектердің білім алудағы кезеңдеріне өз бойымыздағы қабілетімізді барынша жұмсап, олардың мектеп қабырғасындағы өмірлерінің өрелі өрілуіне үлесімізді қосып келеміз, – дейді Динара Ақниетова.
Ұстаз еңбегінің арқасында әкім де, қара да, ғалым да, дарын да, бәрі-бәрі өз биіктеріне көтеріле алды. Ұстаз салған сара жолмен жүріп, ол нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басып келе жатқан буынның саны артпаса, кемімесі анық. Осындай үлгі-өнегеге толы отбасы қоғамды көркейтері сөзсіз.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 қараша 2022 ж. 386 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930