Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Оралхан Бөкейдің туған күні

Бүгін – Оралхан Бөкейдің туған күні

Бүгін – қазақ әдебиетінің кербұғысы атанған қабырғалы қаламгер Оралхан Бөкейдің туған күні. Аман жүргенде қалың елінің аялы алақанында мерейлі 80 жасын қарсы алатын еді...
Жазушы, драматург Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. 1968 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, 1993 жылы Үндістанда сапарда жүріп, кенеттен қайтыс болды.
ҚазМУ-ды 1969 жылы бітірді. Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары, бас редакторы қызметін атқарды.
«Менің повестерімдегі, әңгімелерімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жастық шақтағы болған оқиғалармен байланысты. Менің жерлестерім қазақтар – мінездері бір қалыпты, адал және жүректері ашық адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым», деген О. Бөкей бала күнінен жазушы болуды армандап, Қатонқарағайдың көрікті мекен, тұмса табиғатқа кенде емес екенін сөзбен суреттеді.
«Үркер» (1971 ж.), «Қайдасың қасқа құлыным» (1973 ж.), «Мұзтау» (1975 ж.). Жазушының орыс тіліне аударылған әңгіме-повестерінің жинағы: «Жасынның ізі» – «След молний» (1978 ж.), «Ән салады шағылдар» – «Поющие барханы» (1981 ж.), «Сайтан көпір» – «Крик» (1984 ж.), «Зымырайды поездар» – «Поезда проходят мимо» (1985 ж.), «Кісікиік» – «Человек – Олень» (1987 ж.) кітаптары жарық көрді.
Қаламгердің еңбектері әлемнің бірнеше тіліне аударылып жарияланды.
«Құлыным менің» пьесасы үшін 1976 жылы Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты атанды. 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықты алды. 1986 жылы 43 жасында «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Үндістанға сапармен барған жазушының жүрегі Дели қаласындағы қонақүйде 1993 жылдың 17 мамырында соғуын тоқтатты
28 қыркүйек 2023 ж. 237 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 80

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930