Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - қаламгер Бауыржан Омаровтың туған күні

Бүгін - қаламгер Бауыржан Омаровтың туған күні

57 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Жұмаханұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1986, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998) бітірген. Филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002).
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші, аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі (1986-1994), ҚазҰУ-да аға оқытушы (1994-1996), доцент, аға ғылыми қызметкер (1998-2000), профессор (2002-2003), Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996-1997), Қызылорда қалалық әкімінің орынбасары (1997-1998), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (2000-2003), «Қайнар» университетінің профессоры (2001-2002); ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде департамент директоры (2003-2006), «Астана хабары» газеті бас редакторының 1-орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры (2006-2009) қызметтерін атқарды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары; 2010 жылдан Тіл комитетінің төрағасы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. 2013 жылы қаңтардан ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың сәуірінен. «Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис, типология, поэтика)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын, қазақ әдебиетіндегі зар заман, ежелгі әдебиет мәселелерін зерттеді. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 6 кітаптың авторы.
01 мамыр 2019 ж. 1 435 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930