Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлескен істе береке бар

Бірлескен істе береке бар

Қазіргі таңда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік-мәдени нысандардың жылу маусымына дайындығы және күзгі тазалық жұмыстары күн тәртібінен түспейді.
Соған сәйкес бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
– Өздеріңіз білетіндей, жасөспірімдерді тәртіпке шақыру үшін арнайы топтар құрылып, түсіндірме жұмыстары сәуір айынан бүгінгі күнге дейін тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Басты мақсат – елдің бірлігі, жастардың құқық бұзушылықтан аулақ болуы. Ал ол үшін барлық шараларды жасап, өскіндерге жол көрсету – біздің міндетіміз. Сонымен қатар, биыл Қазалы ауданының құрылғанына – 95 жыл толып отыр. Осы ретте тазалыққа баса назар аударуымыз қажет. Себебі, айтулы мереке қарсаңында ауданымызға алыс-жақын жерлерде жүрген жерлестеріміз, қонақтар келеді. Елдің таза болып тұрғаны Сіз бен Біздің ортақ жұмысымызды, бірлігімізді көрсетпек. Сондықтан барлығыңызды бірлесе жұмыс жасауға шақырғым келеді, – деген аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров пен Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеуге тазалық жұмыстарына қатысты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте Мұхтар Әуесұлы ұстаз бен ата-ананың арасындағы байланыстың маңызды екеніне де тоқталды. Мұнымен қоса, сол арқылы балалардың көкейінде жүрген сауалды біліп, бұрыс қылыққа қадам баспаудың алдын алуға болатындығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, жиында мектеп пен балабақшалардың жылу маусымына дайындығы да пысықталды. Аз ғана уақыттан соң күн райының күрт өзгеретінін ескерсек, тиісті жұмыстарды қолға алу маңызды міндет.
Басқосуды қорытындылай келе аудан әкімі Мұхтар Оразбаев барлық жағдайды күнделікті бақылауда ұстап отырғанын айтып, әрі қарай жалғасын таба беретінін ескертті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
20 қыркүйек 2023 ж. 109 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 34

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 30

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930