Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Декларацияны ұсынбағандарға әкімшілік шаралар қолданылады

Декларацияны ұсынбағандарға әкімшілік шаралар қолданылады

Назар аударыңыздар! 2023 жылдың 15 қыркүйегінен кейін 250.00 Декларацияны ұсынбаған тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылады.
Алматы облысы бойынша ӘДҚ 9129 салық төлеуші (квазимемлекеттік сектор қызметкерлері) 2023 жыл емес, 2022 жыл көрсетілген қате салық кезеңін көрсете отырып, 250.00 нысаны бойынша Декларацияны тапсырғаны анықталғанын хабарлайды.
09.07.2023 ж. жағдай бойынша 5311 жеке тұлғаның декларациясы түзетілді, алайда мамырдан қыркүйекке дейін декларацияны қате тапсырған жеке тұлғалардың саны 2 737адамға өсті, қалдық 6 409 жеке тұлғаны құрады.
Ең көп адамдар саны:
- Іле ауданы бойынша МКБ - 1410
- Талғар ауданы бойынша МКБ - 1247
- Еңбекші қазақ ауданы бойынша МКБ - 983
Қате тапсырылған декларация 250.00 нысанды салық кезеңін -2022 көрсете отырып, «Салық төлеуші кабинеті» веб-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және eSalykazamat мобильді қосымшасы арқылы кері қайтарып алу қажет. 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін дұрыс кезеңді (2023 ж.) көрсете отырып, декларацияны ұсынуға;
2023 жылдың 15 қыркүйегінен кейін 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер үшін мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни ӘҚБтК-нің 727-бабы бойынша хаттама жасалады.
Бірінші рет – ескерту, екінші рет декларацияны ұсынбағаны үшін 15 АЕК, толық емес ақпаратты көрсеткені үшін – 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Жалпы декларация 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы бірдей декларация екінші кезең басты.
Екінші кезеңде (2023 жыл 1 қаңтардан бастап) декларациялары:
• мемлекеттік органдардың қызметшілері және олардың жұбайлары
• квази-мелкеттік сектор субъектілерінің қызмет көрсетулері және олардың жұбайлары
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірудің бірінші жылында жеке тұлғалар Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00 нысаны) ұсынуға міндетті. Келесі жылдары кірістер мен активтер туралы декларация тапсырылады (270.00 нысаны).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) декларациялау жүйесіне енгізілген күнгі жағдай бойынша жинақталған активтер мен міндеттемелерді есепке алу үшін ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсету қажет емес, өйткені бұл ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында бар.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік шағылысуға жатады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік туралы мәліметтерді көрсету қажет, мысалы:
• тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлес
• Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі
• бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындауы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда)
• инвестициялық алтын
• зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар.
Сондай-ақ қолма-қол ақша ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген шегінен аспайтын мөлшерде көрсетіледі,
Декларацияны жеке тұлға тұрғылықты (болатын) жері бойынша береді.
Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған жалпы декларацияның бірінші кезеңіндегі декларанттар үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынудың соңғы мерзімі:
• қағаз жүзінде – 2023 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей (15.07.2023 сенбі күні болғандықтан, ТНФ тапсырудың соңғы күні 17.07.2023 – дүйсенбіге ауыстырылды)
• электронды түрде – 15 қыркүйектен кешіктірмей
Алматы облысында жыл басынан бері жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіндегі 114 489 салық төлеуші 270.00 нысаны бойынша ағымдағы мемлекеттік қызметшілерге барлығы 38 470 декларация және 250.00 нысаны бойынша декларация тапсырған.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру әдістері
Электронды түрде – Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» веб-порталы (cabinet.salyk.kz), eSalykazamat мобильді қосымшалары арқылы. Сондай-ақ «Электронды қүкімет» порталы (egov.kz),
Қағаз жүзінде – мемлекеттік кірістер органдарына қолма-қол.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2023 жылы тапсырғаннан кейін, 2024 жылдан бастап жыл сайынғы кірістер мен активтер туралы декларацияны (270.00 нысаны) ұсыну міндеті туындайды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат


12 қыркүйек 2023 ж. 300 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930