Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде әйелдерге арналған вагондар саны артады

Елде әйелдерге арналған вагондар саны артады

Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. "Жолаушылар тасымалы" АҚ әйелдерге арналған вагондар санын арттыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап әйел вагондары бар пойыздар санын көбейту туралы шешім қабылдады", - деп жазылған компания таратқан хабарлама. Жоба пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Жаңа шешімге сәйсек, енді әйелдерге арналған пойыздар саны алтыға артады: 1) № 45/46 "Павлодар-Шымкент"; 2) № 85/86 "Нұр-Сұлтан-1-Шымкент"; 3) № 37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей"; 4) № 47/48 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол-Атырау"; 5) № 379/380 "Алматы-2-Орал"; 6) № 73/74 "Алматы-2-Жезқазған" жолаушылар пойызы. Жолаушылар сайттарда және кассаларда әйелдерге арналған вагондарға билет ресімдеген кезде мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. "Олар әйелдерге арналған вагондарда 7 жасқа дейінгі ұл баланы ресімдей алады. Жол жүру барысында сұрақтар туындаған кезде жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз басшысына жүгінуге мүмкіндігі бар", - деп жазылған хабарламада. Естеріңізге салайық, 2021 жылы қазанда "Жолаушылар тасымалы" АҚ сервис деңгейін арттыру үшін №77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен"жолаушылар пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметін іске қосқан еді. 2021 жылғы 10 қазан – 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13 243 әйел жолаушы пайдаланған.

01 ақпан 2022 ж. 809 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 145

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 105

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031