Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жекелеген тауарлар мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығы қайта салынуы мүмкін

Жекелеген тауарлар мен қызмет түрлеріне қосымша құн салығы қайта салынуы мүмкін

Бұрын қосымша құн салығынан босатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қосымша құн салығын қайта салуды қарастыру қажет. Мұндай ұсыныс Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында айтылған, деп хабарлайды inform.kz.
«Салыстырмалы талдау көрсеткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылатын 12% мөлшеріндегі қосымша құн салығының (ҚҚС) бірыңғай ставкасы әлемдегі ең төмен мөлшерлердің бірі саналады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 28 пайызды құрады. Сонымен бірге жылдар өткен сайын мөлшерлеме біртіндеп төмендеді. Мұндай төмендетудің мақсаты тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің көлеңкелі айналымын азайту арқылы салық жинау деңгейін арттыру болды», - деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында деректер келтірген.
Алайда ведомство қосымша құн салығының мөлшерін көтермей, тек бұрын осы салықтан босатылған тауарлар тізімін қайта қарау қажет екенін атап өткен.
«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қолданыстағы ҚҚС мөлшерлемесін 12% көлемінде сақтау және ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесінің орнына есептелген ҚҚС төмендету құқығын енгізу ұсынылады. Сонымен қатар бұрын босатылған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге (медицина, білім беру және тағы да басқа) қосымша құн салығын салуды қарастыру маңызды», - деп ұсыныс жазылған консультативтік құжатта.
11 қыркүйек 2023 ж. 99 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930