Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Патриоттық танытқан азаматтарды наградтайтын жаңа медаль бекітілді

Патриоттық танытқан азаматтарды наградтайтын жаңа медаль бекітілді

Патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген қазақстандықтарды награттауға арналған «Ел үміті медалі» енді 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Оқу-ағарту министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inform.kz.
«Ел үміті медалі» - патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. «Ел үміті медалі» ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады», - деп жазылған министр Ғани Бейсембаев қол қойған бұйрықта.
Еске салайық, бұған дейін бұл награда «Елбасы медалі» деп аталған. Сонымен қатар оған тек 29 жасқа толмаған қазақстандықтар ұсынылатын. Енді «Ел үміті медалін» Оқу-ағарту министрлігі табыстамақ.
Қоса кетсек, биылдан бастап «Дарын» және Президенттік әдеби сыйлыққа 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.
Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді «жастар» санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

07 қыркүйек 2023 ж. 150 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 58

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930