Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға үш шетелдік банк келеді: кредит арзандай ма

Қазақстанға үш шетелдік банк келеді: кредит арзандай ма

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, кез келген шетелдік банк елдегі базалық ставкаға сүйенеді
Қазақстан нарығына үш шетелдік банк кірсе де, несие арзандауы екіталай. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Президент бүгінгі жолдауында Қазақстанға үш ірі шетелдік банк келетінін жариялаған еді. Парламент кулуарында журналистер Әбілқасымовадан шетелдік банктердің келуі кредиттердің пайызына қалай әсер ететінін сұрады.
Ол елдегі кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі Ұлттық банк бекітетін базалық ставкаға байланысты екенін атап өтті.
"Жаңа банк келген күннің өзінде, ол елдегі базалық ставкаға, экономикадағы ақша құнына сүйенеді. Шетелдік банк келіп, өз өнімін басқа ставкамен ұсынады деп күту – бұл олай жұмыс істемейді. Экономикадағы ақша құны бар, қандай жағдай болмасын олар базалық ставкаға назар аударады", - деп түсіндірді Әбілқасымова.
Агенттік төрағасы нақты қай мемлекеттің банктері келуі мүмкін екенін нақтыламады.
"Бірқатар мемлекеттен инвесторлар келуі мүмкін. Еуропадан немесе басқа Араб мемлекеттерінен. Бірнеше инвестор бар", - деп қысқа қайырды ол.
01 қыркүйек 2023 ж. 370 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930