Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады деп хабарлайды stan.kz.
Парламент отырысында төрайым қазіргі таңда қаржылық тұрақтылық бағдарламасына алты банктің қатысқанын алға тартты.
“Бұл бағдарламаны 2017 жылы Ұлттық банк бекіткен. Кейін олар банктердің балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейін анықтады. Осы проблемалық несиелер бойынша провизия құру және аталған банктерді капиталсыздандыру мақсатында қаржылық тұрақтылық бағдарламасы қабылданды", – деді Мәдина Әбілқасымова.
Ол Ұлттық Банктің реттелген облигациялар орналастырғанын, ал үштен бірін акционерлер қайта капиталдандыруы тиіс болғанын жеткізді.
"Бұл облигациялар қазір осы банктердің балансында сақталуда: “Еуразиялық банк”, “Банк ЦентрКредит”, “Нұрбанк”, “РБК Банк”, “АТФ Банк” және Jusan банкпен біріктірілген “Цесна банк”. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау қаражаты балансы “Казкоммерцбанкті” сатып алу бойынша жасалған мәмілеге байланысты Halyk Bank-те қалады”, – деп түсіндірді Әбілқасымова.
30 наурыз 2023 ж. 408 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 36

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 27

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 25

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930