Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратураның грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Магистратураның грант конкурсына құжат қабылдау басталды

Грант конкурсына құжаттар қабылдау 11 тамызда басталады.
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 40 мың адам тапсырды. Олардың 41%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 70 балл. Ең жоғары балл – 136. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
"Тестілеу қорытындысы бойынша 281 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 189 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 2 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 1 адамның балы жойылды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Биыл магистратураға түсу ережелері өзгерген жоқ. Кешенді тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
143 білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 15 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде мазмұны бойынша – 14 мың, техникалық себептерге байланысты – 1,4 мың. Апелляциялық комиссияның шешімімен 181 бірегей тест тапсырмасы қанағаттандырылды: соның ішінде мазмұны бойынша – 146, техникалық себептерге байланысты – 35 тапсырма.
Шекті балдар да өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.
Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттар қабылдау 11 тамызда басталады.
11 тамыз 2023 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930