Бүгін еліміздің батысында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК-сы бүгінге, яғни 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Қазгидромет» РМК-сы бүгінге, яғни 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін оңтүстік циклонның шығуымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-39°с аптап ыстық болады, Маңғыстау облысында 38-40°С қатты ыстық.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, Атыраудың батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі жағдай сақталады.