Қазалы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда

– Биыл тұрғын үй кезегін азайту мақсатында Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін – 310,483 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығынан көлемі – 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды, - деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі