Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев брифинг өткізді

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев брифинг өткізді

Бүгін облыс әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Брифингте аудан басшысы 2023 жылдың І жартыжылдығына Қазалы ауданында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Жер кезегінде тұрған тұрғындар санының жыл өткен сайын көбейгенін айтқан Мұхтар Әуесұлы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесін басты назарға алып отырғанын жеткізді.
Тұрғын үй кезектілігін азайту мақсатында биыл Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін 310,483 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде.
Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығынан көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды.
#Брифинг
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 тамыз 2023 ж. 181 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 126

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031