Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арманы асқақ Ақшолпан

Арманы асқақ Ақшолпан

Қазалы ауданына қарасты Қожабақы ауылының тұрғындары күні бойы таң атқаннан кеш батысына дейін қым-қуыт шаруаның басында жүреді. Жалпы Аранды ауылдық округінің орталығы Қожабақы ауылы Әйтеке би кентінен 45, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 15 шақырым қашықтықта жер тепкен.
Бүгінде мұнда тіркелген кәсіпкерлер саны 104-ке жетті. Ауыл аймағы мал жаюға қолайлы. Арандылықтар жеке ісін ашу жолында білімін жетілдіріп, өз кәсібін төрт түлік немесе саудамен көркейтуді қолға алуда. Осындай еңбекқор жандардың қатарынан табылған Ақшолпан Бисенбай «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үш жыл бұрын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан мал шаруашылығын дамыту бағытында 1 миллион 800 мың теңге несие алды. Сол уақытта 6 процентпен алған қаражатына 6 жылқы алып баққан болатын. Негізгі мақсаты – мал басын көбейту. Бүгінде осы жылқыларының саны он екі басқа жетті.
Оның айтуынша, қазіргідей уақытта қол қусырып отырмай, кез келген іспен айналысқан жөн. Бұл кезге дейін де отбасы жағдайын жақсарту үшін саудамен айналысқан. Өз уақытысында мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, өрісін төрт түлікке толтыру мүмкіндігіне ие болғанына риза. Алға қойған жоспарлары да жетерлік. Қазір несиенің біршама бөлігін өтеген. Отбасы бюджетіне аса қатты салмақ түсірмеуде.
«Үкімет тарапынан ұсынылған жобалар халықтың әлеуметтік тұрмысын арттыруға бірден-бір көмек. Осындай бағдарламалар көптеп іске асырылса, нұр үстіне нұр. Берілген қаражат Думан, Ерасыл, Нұрайымдарымның несібесі деп білемін. Бәріміз де балаларымыздың келешегі үшін еңбек етеміз. Ал атакәсіп мал шаруашылығының берекесі мол. Бұған дейін де қолда ұстап отырған сиыр мен уақ малдарымыз бар. Соған қосымша жылқы алуды көздедік. Сыртқа жайып жіберіп, бақылап отырамыз. Өйткені ол жем-суын өзі жайылып табады. Азық жағына аса салмақ салмайтын жануар. Несиемді толық жапсам 1-2 жылда тағы да жеңілдетілген несиеге қол жеткізсем қосымша жылқы алып, мал санын көбейтсем деген ой бар. Себебі баларымыз ер жетіп қалды. Оқу оқыса, үй болса, соларға еншісіне төрт түліктен бергеннің артықтығы жоқ. Өзіміз де қазір қолдағы бағып жүрген малдарымыздың игілігін көріп отырмыз. Қыста соғымдыққа сойып аламыз. Аузымыздан ағарған кетпейді. Таза табиғи өнімді өз қолымыздан әзірлейміз. Мал азығы – жем-шөптен де қиындық жоқ. Отбасылық бизнес болғандықтан шөпті өзіміз орып, арнайы көлігімізбен тасып аламыз», – дейді кәсіпкер келіншек.
Бұл күні Ақшолпан мемлекет тарапынан жасалған қолдауға дән риза. Ол Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» оқу курсына қатысыпты.
«Қазір мемлекет түрлі жоба арқылы кәсіп ашамын дегенге жағдай жасауда. Ізденсең, талаптансаң ойлағаныңды іске асыра аласың. Бір «Бастау бизнесте» көп мәліметке қанықтық. Сабақ барысында салық төлеудің оңайлатылған жолдары, мал бордақылауды қалай қолға алуды үйретті. Төрт түліктің басын көбейту әдістерін сабақ түрінде түсіндірді. Бұл салада өмірлік тәжірибем мол болғандықтан маған ақпаратты қабылдау оңайға тиді», – деп пікір білдірді кәсіпкер.
Еңбекқор кәсіпкер алдағы уақытта жер алып, шаруа қожалығын құрып, ісін кеңейтуді және жылқы басын 40 басқа жеткізуді діттеп отыр. Осылайша атакәсіптен береке мен абырой тапқан Ақшолпанның мақсаты нық, арманы асқақ.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 тамыз 2023 ж. 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930