Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесінің жолы кесілді

Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесінің жолы кесілді

Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлайды inform.kz.
Бұл мақсатта Қызылорда облысы прокуратурасы және Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан арнайы жедел шаралар жүргізілді. Нәтижесінде облыс орталығында жасырын түрде заңсыз құмар ойындары бойынша қызмет жасайтын екі ойынхана анықталды.
«Ұйымдастырушылар бұл мақсатта екі пәтерді жалға алған. Ол жерден полицейлер 400 мың теңгеден астам ақша және 15 компьютер тәркіледі. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды.
Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірген 23 адам қолға түсті.
26 шілде 2023 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031