Кей өңірде 42°С ыстық болады: бүгінгі ауа райы болжамы қандай
Республиканың кей облысында жаңбыр жауады.
Синоптиктер 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Синоптиктер 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр, батыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42°С өтте қатты ыстық болады.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.