Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директорларын дайындау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Мектеп директорларын дайындау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Елімізде кадр ресурстарын дамыту және директорлардың кадрлық резервін қалыптастыру бойынша қандай жұмыстар жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің Педагог кадрлармен жұмыс басқармасы басшысы Айман Дүйсембаева айтып берді, деп хабарлайды baq.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігінде Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі көшбасшыларды даярлау, іріктеу тетігін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Тәртіпті бекіту мақсатында жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына министрлік, педагогикалық қауымдастық, қоғамдық бірлестіктердің, ведомствоға бағынатын ұйымдардың, кәсіподақтың, жекеменшік мектептердің өкілдері кіреді. Олар онлайн және оффлайн форматтарда бірқатар отырыс өткізді. Қазіргі уақытта білім берудегі өзгерістер көшбасшыларды іріктеу 5 кезек бойынша өткізіледі, - деді сарапшы.
1-кезең: Іріктеу кезеңінде құзыреттілікті бағалауға арналған тестілеу;
2-кезең: Үміткерлер оқуға жіберіледі. Оқыту Назарбаев зияткерлік мектептерінде өтеді;
3-кезең: Тағылымдама;
4-кезең: Қорытынды бағалау;
5-кезең: Әңгімелесу және басшылардың кадрлық резервінің республикалық дерекқорын құру.
Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі. Кейін одан әрі жұмысқа орналасу үшін кадрлық резервке қабылданады. Резервшілер бірінші басшының бос орнына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Биыл бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды, - деп айтты Айман Дүйсембаева.
Жобаға қатысу үшін 8 068 адам тіркеліп, оның ішінде 5 368 адам тестілеу кезеңінен өткен. Тестілеу нәтижелері бойынша 500 адамнан тұратын оқуға ұсынылған үміткерлердің рейтингтік тізімі құрылды. 3 шілдеден бастап үміткерлерді оқыту басталды.
Бұл бағдарламаны енгізу «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептерге дайындалған басшылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және жаңа формат басшыларының білім берудегі өзгерістер көшбасшыларының кадрлық резервін қалыптастыруға ықпал етеді, - деп түсіндірді басқарма басшысы.
05 шілде 2023 ж. 262 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930