Өңірлердегі Президенттік жастар кадрлық резервіне қандай мамандар қабылданады

«Өздеріңіз білетіндей, Президенттік жастар кадрлық резерві бар. Оның құрамы биыл тағы толығады. Жыл сайын білікті жастардың мемлекеттік қызметке араласуына мүмкіндік ұсыну қажет. Сонымен қатар, қазір біз биыл бірінші рет өңірлерде Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтаймыз. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аудандардағы бөлім басшылары немесе облыстық деңгейдегі бөлім бастықтары, басқарма басшыларының орынбасарлары қабылданады», - деп баяндады агенттік төрағасы.
Қоса кетсек, Дархан Жазықбаев биыл наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға қызметкерлерді қабылдау онлайн жүргізіліп жатқанын айтты. Осы аралықта онлайн процедуралар арқылы 1 адам жұмысқа қабылданған.