Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет жұмысына жаңа серпін беретін форум болды

Мемлекет жұмысына жаңа серпін беретін форум болды

Бас қалада өткен “AMANAT” партиясының алғашқы республикалық форумы мен үшін депутаттарды дамытудың тиімді тәсілі болды десем де артық емес.
Жалпы форумға мемлекеттік хатшы, үкімет басшысы, үкімет мүшелері, Парламент депутаттары және еліміздің әр өңірінен келген барлық деңгейдегі 2000 нан астам мәслихат депутаттары қатысты.
Форумда әр түрлі мәселелер көтерілді. Ең негізгісі партияның Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындалу керектігі мен жалпы халықтың үдесінен шығу бағытында жасалуы тиіс шаруалар айтылды.
Шара барысында Партия төрағасы Е.Қошанов:"Азаматтар бізден орындалмайтын нәрсені сұрап отырған жоқ. Олар берген уәделеріміздің уақытында әрі сапалы орындалуын, реформалардың нақты нәтижесін тағатсыздана күтіп отыр. Олай болса, депутаттардың бел шешіп жұмысқа кірісетін шағы келді" деп партия аманатына мұқият болуды тапсырды.
Сонымен бірге форумда мәслихат депутаттары үкімет мүшелерімен, министрлер мен орталық басшылық құрамымен тікелей кездесіп, көкейкесті мәселелер бойынша пікір алмастық.
Бұл дегеніңіз өңірлердің сұрақтары- министірлерге тікелей мәслихат депутаттары арқылы жеткізілді деген сөз! Форумда алуан ойлар айтылып, ел мүддесін көздейтін идеялар көтерілді.

Талғат Әліпбаев,
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты
03 шілде 2023 ж. 246 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031