Қазалыда «Ананың ақыл-кеңесі» атты рухани кеш өтті
Қазалы аудандық Орталық «Жанқожа батыр» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторы, Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен «Ананың ақыл-кеңесі» атты рухани шара өтті.
Шара барысында аналар өмір тәжірибесі мен отбасылық, салт-дәстүр құндылықтарын ұштастыра сөз қозғады. Аналық ақ лебіздерімен қатар мейірімді де өнегелі, ғибратты ақыл-кеңестері айтылды. Ана қай жерде де Ана, Ол – Әже, Жар, отбасының бірлігін ойлайтын, құлшылығы мен тіршілігін бірге алып жүретін, жан-жағына шуақ шашатын мейірімді жан екенін көрсете білді. Сұхбат кезінде әрбір ана өзінің өмірлік тәжірбиесі, ене мен келін арасындағы сыйластықты, ер адамға көрсетілетін құрмет туралы өзекті мәселелерді ортаға салды.
«Көпті көрген аналарымыз аман болғай. Дәстүрге сай үлгілі сөздері, жастарға айтқан өсиеттері ұрпақтарға жалғассын деген ізгі ниетпен бас қосу жиыны қорытыланды. Алла Тағала елімізге амандық, жанұямызға бақыт, бірлік бергей. Ел іргесі аман болғай. Бүгінгі тағылымды кештен мол рухани байлық алдым. Өмір жолы өнегег толы осындай қайсар аналардың жолын кейінгі толқынға берсін. Біраз кеңеске қанығып, ақыл тыңдадық. Бала үшін қай уақытта да жанын шүберекке түйіп, тақым қысып отырар аяулы жандардың қабағын кір, жүзін мұң шалмасын», – деген тіле тілеп тарқасты кешке жиналған қауым.