Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан түлектеріне аттестаттар тапсырылды

Аудан түлектеріне аттестаттар тапсырылды

Бүгін Қазалы ауданындағы мектеп бітірушілерге аттестаттар тапсырылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өткен аттестат тапсыру шарасына қатысып, түлектерді құттықтады.
Бүгін баршамыз үшін маңызды әрі қуанышты күн. Еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектер үлкен өмірге жолдамаларын – аттестаттарын алып жатыр. Ол қатарда біздің ауданымыздың мектеп бітірушілері де бар.
11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің таразыға түскен сәтінде жоғары көрсеткішке жетіп, сенімді ақтаған түлектеріміз бен сол түлектердің бойына білім нәрін сепкен ұстаздар қауымына қандай құрмет, қошемет көрсетілсе де артық емес.
Біздің түлектеріміздің жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздіктер сапынан көрінуінде уақытпен санаспай қызмет жасаған ұстаздарымыздың еңбегі айрықша. Сондықтан да түлектердің жеңісі – Сіздердің талай жылғы еңбектеріңіздің жемісі, қымбатты ұстаздар!
Бізге кәсібін жетік меңгерген, білікті мамандар аса қажет. Сондықтан алдағы уақытта жүректеріңіз қалаған мамандықтың иесі атанып, туған жерлеріңіз Қазалыға келіп, ауданымыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы білім ордасын үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» мен «Үздік аттестаттарын» табыстады.
Бұдан бөлек, білім бәсекесінде оза шауып, түрлі додаларда топ жарған бірқатар түлектердің аттестатын облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, Қазалы ауданының құрметті азаматы Берік Бисенбаев және аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұқаш тапсырды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов 9 сыныпты бітірген оқушыларға «Үздік аттестаттарын» табыс етті.
Биыл ауданымызда мектеп бітірген 800 түлектің 57-сі “Алтын белгі”, 76-сы “Үздік аттестат” иегері. Ал, Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейден 13 түлек “Алтын белгі” және 16 оқушы “Үздік аттестат” иегері атанған.
Айта кетейік, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шара аяқталған соң аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың балаларды тасымалдау үшін Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейге берген заманауи автобусты көрді. Көлік жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды тасымалдайтын болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
21 маусым 2023 ж. 157 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 49

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 79

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031