Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу жалғасын таба ма – Министр жауап берді

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу жалғасын таба ма – Министр жауап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жайы туралы айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда кулуарында журналистер индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінен жеңілдетілген автонесилеу қашан басталатынын сұрады. ИИДМ басшысы Марат Қарабаев жеңілдетілген несиелеуге бөлінетін қаражат қоғамдық көлікті несиелендіруге бағытталатынын атап өтті.
"Бүкіл автонесие бағдарламасын жаңарту аясында қарастырып отырған жаңа бағыт ол – авткөлікті кредиттеудің орнына автобустарды кредиттеу. Біз бірнеше өңірге бардық. Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл Қазақстан бойынша 10 525 автобус бар. Олардың тозуы 45 пайызды құрайды. Мысалы Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы тозған. Ал Орал мен Талдықорғанда автобустардың 70 пайызының тозығы жеткен", – деді министр Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, жеңіл көлік пен қоғамдық автобустарды кредиттеудің тиімділігіне сараптама жүргізілген.
"Міндет қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану. Осыған байланысты біз жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаражатты - қоғамдық көлікті несиелеуге жұмсау мүмкіндігін қарастырамыз. Оны күніне 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін басымдық – олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бағытталады", - деді министр.
"Енді қазақстандықтар жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша көлік сатып ала алмай ма? Дұрыс түсініп тұрмын ба?"- деді журналист.
"Енді қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бөлінетін болады", - деп қорытындылады Қарабаев.
20 маусым 2023 ж. 251 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 101

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930