Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жол сапасы қатаң қадағаланады

Қазалыда жол сапасы қатаң қадағаланады

Қазалы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығы - Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы жолдардың құрылысын көрді.
Аудан басшысы ең әуелі В.Счастнов көшесінде жүріп жатқан жолдың жайымен танысты. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме - «Строймодуль Астана» ЖШС мамандарымен кездесіп, басты мәселе сапада екенін еске салды. Яғни, жолдың сапасына басымдық беріп, уақытында аяқтауды жеткізді.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жолға ат басын бұрды. Мердігер мекеме басшысын құрылыс басына шақырып, жолдың сапалы болуын, мерзімінде тапсырылуын қатаң ескертті. Сонымен қатар, құрылыс аудан әкімінің тікелей бақылауында болатынын ескертіп, жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Қазіргі таңда аяқ судың тапшылығына байланысты Қазалы қаласындағы Әйтеке би көшесіне “Дәулет арық” каналынан су тарту үшін арық қазу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан басшысы аталған көшеге аялдап, құрылыстың жай-күйін көрді.
Айта кетейік, бүгінде Қазалы қаласындағы Бөлекбаев көшесінде жол құрылысы жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда аудан әкімі мердігер мекеме - “Қыран” ЖШС мамандарына жолдың сапалы болуына қатты мән беру қажеттігін айтты.
19 маусым 2023 ж. 121 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031