Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткен жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті

Өткен жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті

Бұл туралы Шетелдік инвесторлардың кеңесінде Қазақстан Президенті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады.
"Экономикалық өсім туралы айтқанда, біз тек цифрлар мен көрсеткіштерге ғана емес, сапаға да мән беруіміз керек. Осы ретте Қазақстанның басты мұраты – келешектің цифрлық экономикасына көшу.
Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді", деді Тоқаев
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артқанын жеткізді.
"Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", деді ол.
08 маусым 2023 ж. 246 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930