Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады

Қазақстан Қытайға отандық агроөнім экспортын арттырады

Қазақстан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайтады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Мәлім етілгендей, Қытай үкіметі Шығыс Қазақстан облысының сапа инспекциясының зертханасына құны 11,15 миллион юань болатын жабдықты тапсырады. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР коммерция министрлігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтың арқасында мүмкін болды. Тиісті келісімге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР-дың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қол қойған.

ҚХР стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана құру Қытайға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, Қазақстан терең қайта өңдеу тауарларын, жемшөп пен қоспаларын, ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүдделі, — делінген АҚШ хабарламасында.

2022 жылдың жеті айында АӨК саласындағы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 46,7% артып, 412,5 миллион долларды құраған.
Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 62,2% — 280,4 миллион долларға дейін артты. Қытайдан импорт 22,2% ұлғайып, 132,1 миллион долларды құрады.
15 қыркүйек 2022 ж. 1 053 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 183

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 131

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930