Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше ағаш машина 210 мың еуроға сатылды

Ерекше ағаш машина 210 мың еуроға сатылды

Француздың ағаш шебері Мишель Робиляр 2011 жылдан бастап ағаштан машина жасауды әдетке айналдырған.
Ол 5000 сағатта нағыз өнер туындысы – әртүрлі жеміс ағаштарынан жасалған, бірақ жалпы пайдаланымдағы жолдарға рұқсаты болмаса да, толыққанды автокөліктің мүмкіндіктері бар Citroen 2CV-тің толық көшірмесін жасап шығарған.
2CV-дің тұтас шанағы, аспаптар панелі, рөлі, орындығы және интерьердегі өзге элементтер шие, алмұрт және алма ағашынан әзірленген. Төбесі түпнұсқадағы сияқты жиналмалы матамен жабылды. Жүріс бөлігін 1969 жылғы 2CV Citroen Dyane моделінен алған, ағаш автомобиль 602 кубтық екі цилиндрлі мотормен жүреді.
Еске салайық, 2CV 1930 жылдардың соңында жаппай қоғамдық көлік ретінде әзірленген және соғыстан кейін өндіріске енген. Француз автомобиль өнеркәсібінің тарихында ол АҚШ-тағы Ford-T немесе Германиядағы VW Beetle/Käfer сияқты маңызды орын алады. 1949 және 1990 жылдар аралығында барлық жалпы 8 756 688 2CV данасы шығарылған.
Робилярдтың жұмысы жоғары бағаланған. Ағаш Citroen 2CV 210 000 еуроға Артинья сарайындағы 35-Garden Party аукционында сатылған. Осылайша, 2CV моделінің бұрынғы баға рекорды 40 мыңға жаңарды. Көлік иесі оныі Париждегі Musée des Arts Forains мұражайында көпшіліктің назарына ұсынбақ.
Робийяр енді Citroen DS21 Decapotable Chapron кабриолетін ағаштан жасап шықпақ, оны DS-тің 70 жылдығына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
08 маусым 2023 ж. 452 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930