Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар белгісіз ағаш түрлерін анықтады

Ғалымдар белгісіз ағаш түрлерін анықтады

Ғалымдар жер бетінде қанша белгісіз ағаш түрі өсетінін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Мичиган университетінің зерттеушілері жер бетінде 9200 белгісіз ағаш түрі болуы мүмкін екенін айтты. Мұны анықтау үшін ғалымдар АҚШ-тағы Пердью университетінде жасанды интеллект пен Advanced Computing Laboratory көмегімен күрделі статистикалық талдауларды қамтып, "Орман биоәртүрлілігінің жаһандық бастамасы" (GFBI) аясында зерттеу жүргізген.
"Жиындықтардың әрқайсы орманға барған адамдар көмегімен жасалған және олар кездескен ағаштарды сипаттаған: олардың өлшемдері мен сипаттамаларын. Ағаш түрлерін санау - бұл басқатырғыш дүние, оның элементтері бүкіл әлемде таралған", - деді зерттеу авторларының бірі Цинцзин Лян.
Осы талдаулар мен есептеулер аяқталғаннан кейін ғалымдар әрбір сипатталған бірегей түрлердің жалпы санын анықтау үшін статистикалық әдістерді қолдана отырып, деректерді біріктірген. Олардың консерватив бағалауы бойынша, жер бетінде 73 274 ерекше ағаш түрі өседі, бұл биологиялық жұмыста зерттеушілер сипаттаған саннан 9 200-ге артық және зерттеу нәтижесі қазіргі уақытта 14 пайызға артқан.

Бұл түрлердің 3000-ға жуығы сирек кездеседі, континентте эндемикалық және тропиктік және субтропиктік аймақтарды мекендейді. Сарапшылар пікірінше, жаһандық деректер жинағы 90 ел мен 100 аумақты қамтитын 38 миллионнан астам ағаштан тұратын бүгінгі күнге дейін белгілі ең үлкен жинақ саналады. Зерттеуге 150-ге жуық ғалым қатысқан. Бұл 3 жылдық халықаралық жобаның нәтижесі саналды.
Ғалымдар ашылмаған ағаш түрлерінің көпшілігі өте аз мөлшерде болуы мүмкін және жер пайдалану мен климаттың антропогендік өзгерістерінен қауіп төніп тұрғанын айтады. Еске салайық, былтыр Қазақстан елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарламаны қолға алған. 2025 жылға дейін екі миллиард ағаш отырғызылады деп жоспарланған.

01 ақпан 2022 ж. 276 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 185

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 187

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930